ArmBack - жаңадан ашылған спорт түрі. Іс-шараны жаңадан құрылған “Жас жауынгер” қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Садық Байымбетовтың айтуынша, сайыс ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен. Спорттық фестивальді одан әрі дәстүрге айналдыру жоспарда бар.
ArmBack спорт түрінен республикалық фестиваль елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдау көрсетті.
Ұйымдастырушылар әлеуметтік жобаны еліміздің басқа қалаларында да өткізу жоспарда бар екенін атап өтті.
Айта кетсек, спорт фестивальде ерекше қажеттілігі бар балалар сайысып, жеңімпаздар анықталды.