ъШымкенттік клуб былтыр ел біріншілігінде тұңғыш мәрте чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал «Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта да өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Шымкенттік команда өз алаңында өткен Молдованың «Петрокуб» клубымен ойында алғашқы минуттан шабуыл шебін күшейуге тырысты. Соған қарамастан молдовалық футболшылар оған мүмкіндік бере қойған жоқ. Командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Әсіресе, шымкенттік клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Кейбір сәтте молдовалық қақпашы орнынан табылса, ендігі бірінде «Ордабасы» футболшылары тарапынан дәлдік жетіспей жатты. Осылайша бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де алаң иелері басымдықты арттыруға тырысты. Дегенмен екі команданың да есеп ашуға мүмкіндігі жетпеді. Осылайша командалар 0:0 есебімен тең тарқасты. Қарымта кездесу 17 шілдеге белгіленген.