ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Орман шаруашылығы саласында Президенттің елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу бастамасы аясында өткен жылы 200 мың ағаш отырғызылғантын. Биыл қалада 121 мың түп тал егу жоспарлануда. Вице-министр қалада экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы іс-шараларды оң бағалады.

MiniS

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессияда бірқатар мәселелер қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

MasliXaT

Шымкентте жеңіл атлетика спорт кешенінде өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының VII турнирінің жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары арасында 4 күнге жоспарланған сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпы спортшылар төрт дисциплина бойынша бақ сынады.

ORTSS

Шымкентте Қажымұқан атындағы орталық стадионда Super bol Қазақстандағы реалити-шоу форматындағы алғашқы әлеуметтік футбол жобасының үлкен финалы өтті. Үшінші маусымның үлкен финалының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Омаров, жобаның бас менеджері Давид Лория қатысты.

Masudov

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай арнайы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы биылғы ұлық мерекенің ерекшелігін, құрбандық шалу тәртібін түсіндіріп, дайындық барысынан хабардар етті. Биылғы Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат 6.00-де оқылады.

kurbank

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Мерлан Керімжанов сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау, газ-техникалық инспекция бағытында жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Shanrag-2

Тұтынушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері қандай? Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын қорғауда қандай жұмыстар атқарылды? «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде салада бірқатар мәселелер талқыға түсіп, жұмыс жоспарлары айтылды. Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев 5 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Tutinshi

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасы кубогының VII турнирі басталды. Төрт күнге жоспарланған сайыста еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.

mamandik

Страница 2 из 86