Шымкентте биыл ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесін ерекше өткізу жоспарланған болатын. «Ақмешіт» орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылған соң мешіт жамағаты үшін қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тартудан жарыс өткізілді.
Шымкентте қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп, бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды.
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR-код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алады.
қызметті жақсартып, жұмысты жеңілдетеді Шымкентте тұрғындар жол ақысын енді Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталарымен оңай төлей алады.
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымымен кездесіп, жаңа басшы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызын таныстырды. Ұжыммен бірге шығармашылық идеялар мен өзекті мәселелерді талқылады. Театр ұжымына қала мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды. Орталық Ж.Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар…
«прокурорлық сүзгіден» өтеді Шымкент – инвестиция тартуға ыңғайлы қала. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Шаһарда бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Жуырда «Shymkent Invest» кеңсесінің ашылуы осының айғағы. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен…
Өзбекстан Республикасы астанасында 1-3 маусым аралығында 1-5 сынып оқушыларына арналған халықаралық математикалық FEMO INTERNATIONAL VI олимпиадасы өтті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жұмыс орындарын құру, бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы баяндалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен Даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында 2024 жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама…
Соңғы кездері қоғамда интернет-алаяқтықтың сан түрі кездесуде. Кибер қылмыскерлер өздерінің алаяқтық әрекеттерін әркез жетілдіріп отырады. Ел ішінде олардан зардап шегушілерді де жиі кездестіреміз. Бұл орайда қылмыстың алдын алу, ақпараттандыру жұмыстарының маңызы зор. Қала әкімдігінде халықты егжей-тегжейлі ақпараттандыру мен цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша арнайы семинар өтті.