Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес орталықта орналасқан көктас шеберханалары және металл сынықтарын қабылдау орындары қала сыртына көшіріліп жатыр.
Елімізде 24-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы апталықтың Шымкентте қалай өтетінін айтты.
Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген.
Шымкентте табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Қалада алты жерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шымкентте конгресс холл ашылды. «Tulip Hall» ғимаратында алғаш рет Қала күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында «САҚ» киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты.
Шымкентте Қала күніне орай көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогы бәсекесі өтті. Кезекті рет ұйымдастырылған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшы қатысты. Сайысты өткізудегі басты мақсат – осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Абай ауданында Қала күніне орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Әкім аппаратының ұйымдастырумен болған сайысқа 100-ге жуық бала қатысып, бақ сынады.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қызметін дамыту, аялдамалар орнату, қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру бағытындағы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Шымкент – құрылысы қарқынды дамыған қала. Қала көркейіп, өсіп келеді. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтың мәлімдеуінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көп қабатты тұрғын үйдің, Тұран шағынауданынан 2 үй, Бозарықтан 42 үй, Ақжайық шағынауданынан…