ЕРТЕ ҚАРАЛҒАННЫҢ ЕМІ ШИПАЛЫ
Среда, 05 Апрель 2023 03:53«Елімізде 49 оңалту орталығы ерекше балалардың емінде маңызды рөл атқарып келеді. Оның ішінде мемлекеттік оңалту орталықтарынан бөлек, «Қамқорлық» бастамасының аясында ашылған 22 оңалту және ерте араласу орталықтары бар». Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Шымкент қалалық №2 оңалту орталығы базасында ашылған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінің салтанатты жиынында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет» деп тапсырған болатын.
Ардагерлерді ардақтаған ұжым
Пятница, 31 Март 2023 04:53Шымкентте 70-тен астам бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істеп келеді. Оның бірі — «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты бастауыш ұйым. Біз бүгін оқырман қауымға ардагерлерін ардақтап, оларға құрмет көрсетумен қатар, әлеуметтік мәселелерін де шешуге атсалысып отырған аталмыш ұйымның жұмысына тоқталуды жөн көрдік.
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: 12 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Пятница, 24 Март 2023 04:44Шымкентте 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізілмек. Аталмыш пилоттық білім нысандары жалпы 37 700 орынға арналады.
АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!
Пятница, 24 Март 2023 04:30Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Отызында «Алтын алқалы» ана атанған
Четверг, 09 Март 2023 04:37Отыз жасында «Алтын алқалы» ана атанып, отбасының берекесін арттырып отырған жас келіншектер некен саяқ. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Гүлбану Таласбаева — бала тәрбиесі мен тұрмыстың тіршілігін ұршықтай иіріп отырған алтын құрсақты ана.
Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең
Четверг, 09 Март 2023 04:24«2022 жылы 1,038 миллиард теңгеге 17 медициналық техника алынып, денсаулық сақтау ұйымдары заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Биыл одан 3 есе көп медициналық қондырғы алу жоспарланған. Оның басым бөлігі ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталмақ». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Асылбеков Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
ТІЛ ТҰҒЫРЫ ӘРҚАШАН БИІК
Пятница, 03 Март 2023 04:26Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты әрбір құрылым ҚР «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуын бақылап, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
ҚАРАТАУДА КЕЛЕЛІ ІС КӨП
Среда, 01 Март 2023 05:39Қаратау ауданы — Шымкенттегі жас аудандардың бірі. Шымкент республикалық маңызы бар қала атанған тұста іргетасы қаланған ауданның құрамына облыстан елді мекендер қосылып, шаһардың солтүстік бөлігінде жаңа шағын аудандар пайда болды. Ауданды жан-жақты дамыту үшін кешенді жоспар түзіліп, бүгінде жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Біз Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановпен тілдесіп, оқырмандарға өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін және биылғы жоспарын таныстыруды жөн көрдік.