Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтті

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтті. Отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті.

329

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 740 камера орнатылды. Оның 1 500-і бейнебақылау жүргізсе,
2 240 камера әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін автоматты түрде тіркеп отырады. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінде өткен брифингте департамент бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.

307

Бүгінде Шымкентте 106 792 студент білім алуда. Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, 32 колледжде 31 770 студент бар.
Мегаполисте студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

206

бұл жағдай елімізде қайталанбауы үшін вакцина алу маңызды

 

Өкінішке қарай, қазан айының соңғы онкүндігінде әлемнің көптеген елдерінде коронавирус пандемиясы қайта өршіді. Мәселен, Lenta.ru порталы таратқан мәлімет бойынша, көршілес Ресейде ритуалды қызмет көрсетуші компаниялар қауымдастығы вирус жұқтырып, қаза тапқандарды жерлеп үлгере алмай жатқанын айтып, дабыл қақты.

207

Ата-бабаларымыз «Жау жоқ деме, жар астында» дегенді текке айтпаған шығар-ау. Күннің күнінде Қазақ елінің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төнсе, оған қарсы тұратын күштің қайнар көзі қайсы? Болашақтың қамын ойлайтын ел, Құдайдан үміті бар жұрт екеніміз рас болса, бұл сұрақ бізді әркез ойландыруы тиіс.

155

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында « ...2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті» деп атап өтті. Бұл Қазақстан сияқты экономикасы күні кешеге дейін шикізат өндірісі мен экспортына тәуелді болып келген ел үшін үлкен жетістік. Яғни, 10 жыл бойы табанды түрде жүзеге асырылған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында отандық экономимка шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арыла бастады деген сөз.

134

Шымкентке «Елім үшін егілемін» атты азаматтық штабтың өкілдері келді. Атап айтқанда, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қаладағы оқушылар сарайында мектеп директорлары және мұғалімдермен кездесті.

114

«МҰҚАҒАЛИ» ХАЛҚЫМЕН ҚАУЫШТЫ

Среда, 20 Октябрь 2021 04:10

«Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...» деп кеңестік тоталитарлық жүйенің бұғауын бұза алмай, арман-шері ішінде кеткен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толды. Тәуелсіздіктің, азаттықтың арқасында ақынның тұлғасы мен мол әдеби мұрасы «шаң басқан архивтерден» шығып, төрден орын алғаны баршаға мәлім. Ал өткен жұмада қазақтың
Мұқағалиы халқымен үлкен экран арқылы тағы бір рет қауышты. Иә, Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай түсірілген «Мұқағали» көркем фильмінің премьерасы өтті.

100

Страница 4 из 17