ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: жеңімпаздар марапатталып, жаңа маусым басталды
Среда, 21 Сентябрь 2022 04:46Халқымызда «Тәні саудың – жаны сау» деген керемет сөз бар. Денсаулық – әрбір адамның асыл байлығы. Бүгінгі жастардың бұқаралық спортпен айналысу арқылы өз денсаулықтарын нығайтып, рухы мен ерік-жігерін шыңдап жатқанын көргенде дән риза боласың. Өйткені, спортпен айналысу арқылы олар өмірлеріне қауіп төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді.
АСҚАРОВ РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Пятница, 16 Сентябрь 2022 06:02Шымкентте Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толуына орай тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Еске алу шарасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен марқұммен қызметтес болып, көзін көрген ізбасарлары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, қайраткердің еліміздің дамуына қосқан үлесі жайлы баяндады.
СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА СУ ДА, ЖАРЫҚ ТА БЕРІЛДІ
Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:58Шымкент қаласы Солтүстік саяжай тұрғын алабында сапалы электр желісі іске қосылды. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.
ТАПСЫРМА КӨП, ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛАЙ?
Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:53Бүгінде Шымкент қаласында тұрғындарды таза ауыз су, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылым желілерін жүргізу барысында, әсіресе, қаланың орталығынан шалғай орналасқан шеткі шағын аудандар мен тұрғын алаптарға басымдық беріліп отыр. Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының аясында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке бақылауына алған.
ТУРИСТЕРДІҢ НАЗАРЫ – ҮШІНШІ ҚАЛАДА
Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:39Шымкент туризмін дамыту 4 бағытпен жүргізіліп жатыр
Туризм – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан индустриялардың бірі. Зерттеулер 2030 жылға қарай әлемде 1 миллиард 800 миллион адам өз елінің шекарасынан асып, шет мемлекеттерде демалу мен саяхаттауға шығатынын көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде бұл сала бірқатар дамыған және алдыңғы қатарлы дамушы елдердің экономикасының негізгі тірегіне айналып, мол табыс әкеліп отырғанын көрудеміз.
Дәуренбек САНДЫБАЕВ, Асанбай Асқаров атындағы қоғамдық қордың төрағасы: «ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ – АСҚАРОВ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ ҚЫРЛАРЫ»
Среда, 14 Сентябрь 2022 05:04–Дәуренбек аға, биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толып отыр. Ол кісі облысты басқарған жылдары Сіз де ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызмет атқардыңыз ғой. Ол кісінің іскерлігі, елге сіңірген еңбегі мен кісілік келбеті туралы естеліктеріңізбен бөлісе отырсаңыз...
–Асанбай Асқаров тек қана оңтүстік өңірдің ғана емес, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлға. Өйткені, көпшілік ол кісінің Шымкент облысын басқарған жылдардағы еңбегін айтып жатады да, Жамбыл мен Алматы облыстарындағы атқарған сүбелі еңбектері көп айтыла бермейді. Мәселен, А.Асқаров кезінде Алматы қаласы архитектурасы және мәдени көрінісін өзгертіп, Алматы облысында Күрті және Қапшағай аймағындағы Ақдала және Шенгелді суғарылу массивтерін игеруді бастаған адам.
Ұлт ұстазының рухына құрмет
Среда, 07 Сентябрь 2022 04:18Шымкентте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұлт ұстазының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысты.
БАСТАМАЛАРҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Пятница, 02 Сентябрь 2022 04:07Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Шымкент қаласының тұрғындары зор ынта-ықласпен тыңдап, онда айтылған бастамаларға қолдау көрсетіп жатыр. Қала әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бас қосып, Президент Жолдауын тікелей эфирден тамашалады.