ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ДАЯРЛАУ МАҢЫЗДЫ Избранное

Среда, 17 Август 2022 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 790 раз

Шымкент қаласында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Екі күнге жоспарланған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен ҚХА-ның қоғамдық медиаторлары қатысып жатыр.

309

 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
– Мемлекет басшысы этносаралық қарым-қатынаста медиацияның маңызын атап өтіп, келіссөз жүргізетін кәсіби мамандарды даярлау бойынша тапсырма берген болатын. Семинар-тренинг этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу, медиацияның мәні мен маңызын, әдісі мен тәсілдерін түсіндіру, кәсіби медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерге нақты ұсыныстар беру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласында 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Орталықтың 9 медиаторы қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің құрамына енді, – деді басқарма басшысы.
Халықаралық медиация институтының директоры, кәсіби медиатор Жанар Үсіпбекова, «Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Лаура Ақшегірова этносаралық психология, әлеуметтік медиациядағы коммуникациялық менеджмент, этноконфликтология тақырыбында дәріс оқиды.
Айта кетсек, этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу, алдын алу бағытындағы семинар-тренинг Шымкент қаласынан бастау алды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « Мектепке дайынбыз 30 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП АШЫЛАДЫ »