6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ Избранное

Среда, 03 Август 2022 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 629 раз

Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жол жөнделсе, биыл 190 нысанда жол жөндеу жоспарланған. Оның жалпы ұзындығы 361,1 шақырым. Жыл соңына дейін 67,4 шақырымында құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырымында күрделі жөндеу, 261,1 шақырымында орташа жөндеу жүргізеді. Ал, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселмек.

105

 

Бұл туралы қала әкіміне есеп берген жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.
Бірінші жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері.
Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады. Қала әкімі жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.