Ықтимал жаңа толқын: жұмыс қалай үйлестірілуде? Избранное

Пятница, 29 Июль 2022 05:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 896 раз

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық жұмыстары пысықталды. Шаһарда вакцина қоры жеткілікті. Ендігі ретте тұрғындар екпе алып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

79

 

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. КВИ жұқтырған азаматтарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Ш. Мұқан ауруханадағы жаңадан салынған оттегі тарату стансасының жұмысымен танысып, дәріхана қорын аралап көрді.
Қалалық №5 емханада да тиісті жұмыстар атқарылуда. Онда күніне 50-ден астам адам ревакциналаудан өтеді. Ш. Жұмабекұлы мекемедегі вакциналау бекетін және ситуациялық орталықтың жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ, № 3 қалалық емханада да вакциналау қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырған 127 науқас анықталып отыр.
Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекеме басшыларына вакциналау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Екпені халыққа дұрыс түсіндіріп, тұрғындар өз еркімен екпе қабылдауы керек.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.