Құрылыс нысандары мерзімінде аяқталуы тиіс Избранное

Пятница, 29 Июль 2022 05:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 798 раз

Шымкент әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім ұяларын аралап көрді.

82

 

Қазіргі таңда №46 жалпы білім беру мектебінің 1,5 га аумағына қосымша корпус салынып жатыр. Жоба бойынша нысанда 300 оқушы орны, спорт зал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапханасы 8 орындық оқу залымен қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталса, 38 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өткен жылы құрылысы басталған мектептің корпусы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Сол сияқты 18 шағынауданда орналасқан № 38 орта мектеп аумағындағы 1,9 га жерге қосымша ғимарат салынуда. Жобада 375 оқушы орны, спорт зал, 76 орындық асхана көрсетілген.
Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.
Аумағы – 0,3200 га. Жобаға сәйкес, нысанда бір ауысымда 10-23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта - ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер - 64 орын, әйелдер - 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта - әмбебап спорт зал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
Қала әкімі нысандардың мерзімінде аяқталуын нақтылап, құрылыс барысындағы кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.