ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА АТСАЛЫСТЫ Избранное

Среда, 27 Июль 2022 05:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 914 раз

«Жасыл ел» еңбек жасағының 500-ден астам мүшесі қаламыздың тазалығына атсалысып, шаһардың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Бұл игі іс «Жасыл ел» бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Биыл қалада 1300-ден астам студентті мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған болатын.

65

 

Қазіргі таңда «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтарының мүшелері мегаполис аумағындағы аудандарда тұратын ардагерлердің үйлерін тазалап, мемлекеттік маңызы бар сакралды нысандардың ауласындағы ағаштарды әктеу, гүлдерді суару жұмыстарына тартылды. Бір айда (маусым айының 24-нен 24 шілде аралығы) 500 студент-жас белсенділік көрсетіп, өз қаласына деген жанашырлығын танытты. Олар 45 гектар аумақты тазалап, шамамен 50-60 тоннаға жуық қалдықтарды шығарған.
Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына биыл – 27 жыл. Бағдарлама аясында жаз мезгілінде студент-жастарымыз еліміздің көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына тартылып, еңбекпен қамтылады. Сондай-ақ аталмыш бағдарлама осы жылдар ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды.

А.МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.