COVID-19: 137 МОБИЛЬДІ БРИГАДА РЕЗЕРВТЕ Избранное

Среда, 20 Июль 2022 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 715 раз

Шымкент қаласында 18 шілдеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 науқас тіркелген. Эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақсыздануына байланысты қаладағы емханалар жанынан 76 мобильді бригада жасақталды. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева брифингте мәлімдеді.

165

 

С.Дүйсенбаеваның айтуынша, емхана жанынан құрылған мобильді бригадалар шақырту бойынша науқастарға үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде 43 емханадан 76 мобильді бригада жасақталған, ал 137-сы резервте тұр.
— Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2022 жылғы 5 ақпаннан бастап «жасыл» аймақта. Бірақ, екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп отыр. 4-10 шілде мен 11-17 шілде аралығындағы мәліметті салыстырғанда кейінгі аптада тіркелген науқастар саны 3,6 есеге артқан. Жыл басынан 17 шілдеге дейін COVID-19 инфекциясы анықталған 7729 жағдай тіркелді. Оның 4789-ы симптомды, 2940-ы симптомсыз түріне шалдыққан. Науқастардың 23,8 пайызы, яғни 1842-сі 18 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 565 жағдай 1 жасқа дейін балалар арасында анықталып отыр, – дейді Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.
Сала мамандары эпидемиологиялық жағдай өршіген тұста қаладағы инфекциялық стационарлар қайтадан жасақталып, медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
— Ковидтің ықтимал толқынына байланысты 3 түрлі жағдайды қарастырып отырмыз. Қазіргі таңда оптимистік болжамға сәйкес (А жағдай) 803 төсек-орын жасақталды. Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 1763-ке дейін (В жағдай) арттыру қарастырылған. Сондай-ақ, эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында (С жағдай) төсек-орын санын 2 513-ке жеткізуге мүмкіндік бар. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Шымкентте 45 екпе нысаны бар. Әрбір азаматты өзінің ғана емес, отбасының, қоршаған ортасының саулығы үшін ревакцинациядан өтуге шақырамыз, - деді С.Дүйсенбаева.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.