Версия для печати

«ЭКОФАРМНЫҢ» ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 05:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1507 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте қала күні қарсаңында «Тассай» индустриалды аймағында қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны ашылды.

40

 

Жоба құны – құны 3,4 млрд теңге. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жер беріліп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған зауытта 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрі, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана бетперде мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығарылады.
Бүгінгі таңда «Тассай» индустриалды аймағында жалпы инвестиция көлемі шамамен 45 млрд теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.