ДЕМЕУШІЛЕР МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ Избранное

Пятница, 03 Июнь 2022 03:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 410 раз

Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және Балалар жылы аясында ұйымдастырылған мерекеге №3, 4 балалар үйінің жеткіншектері қатысты. Мұндағы мақсат – келешек ұрпақтың бойына елжанды, адал, білімді, талантты, мейірімді, жалпы адами құндылықтарын қалыптастыру.
Мерекелік тарту «GRAVITY» және «Фиркан CITY» ойын-сауық орталығында жасалды.

500

 

– Бала – біздің болашағымыз. Балғындарымыздың бақытты өмір сүріп, сапалы білім алуына, оларды демеп, қамқорлық таныту – біздің міндетіміз. Мереке күнінде жеткіншектердің басын қосып, олардың жалғыз еместігін сезіндіру, көңіл-күйін көтеріп, жүздерінен бақыттың қуанышын көргіміз келеді, – деді Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлісхан Сайфулинқызы.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша балалар үйінде 894 бала тәрбиеленіп жүр. Мерекелік іс-шараға №3, 4 балалар үйінің 120 тәрбиеленушісі мен ата-ана қамқорлығына өткен 86 бала қатысты. Оларға демеушілер тарапынан қолдау көрсетіліп, «GRAVITY» батутында ойнады, «Фиркан CITY» кинозалында мултьфильм мен кино тамашалап, бір сергіп қалды. Сыйлықтар үлестірілді. Мереке соңында білім басқармасының өкілі демеушілерге балалардың атынан рақмет айтып, алғыс хатпен марапаттады.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.