Келесі нысан – «DentaFill Kazakhstan» ЖШС. Дәрілік және гигиеналық заттарды өндіретін компания жылына 10 млн дана өнім шығаруға әлеуеті бар. Бүгінде нысанның құрылысы аяқталып, қажетті құралдармен жабдықталуда.
Одан кейін қала әкімі «Smart eng» жиһаз фабрикасында болды. Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінже 100 адам жұмыспен қамтылмақ.
Аумағы 2 га жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.
–Кәсіпорын ашқысы келетін кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан түрлі бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Қаламызда зауыт, фабрикалардың көптеп салынуы қала экономикасына оң әсерін тигізумен бірге, азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ендігі кезекте жұмысшылар еңбек шарттарында көрсетілген барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуі керек, -деді қала әкімі.