Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.
Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.
Айта кетсек, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і қыз болса, 5484-і ұл бала.