Версия для печати

Танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды Избранное

Пятница, 13 Май 2022 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1331 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Халықаралық отбасы күніне орай, Арбат демалыс аймағында «Отбасым – менің тірегім» атты іс-шара өтті.

503

 

Мерекелік кеште цирк өнерпаздары қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, түрлі бағытта қойылымдар қойды. Балаларға арасында танымдық ойындар ұйымдастырды. Шаһардағы рухани ордалар – 5 кітапхана оқырмандарға кітап көрмесін жасақтады.
– Бүгінгі мерекеде «Отбасы» әдебиеттерінен құралған кітап көрмесін ұсынып отырмыз. Жалпы мекемеміз отбасы құндылықтарын әрқашан дәріптеп келеді,- деді Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.
Іс-шарада «Кел, бірге ойнайық!», «Клубничное Королевство», «Құлақсыздың жазасы», «Қағидалар қаласы» атты балаларға арналған ертегілер қойылды. Танымдық бағдарламалар күні бойына жалғасатын болады. Отбасылар арасында сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады, - деді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет бөлімінің бас маманы Динара Серікқызы.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.