РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 13 Май 2022 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 321 раз

Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс.

500

 

Бүгін Шымкент қаласы Азат шағынауданында орналасқан №68 орта мектептің ұжымымен кездескен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Максим Рожин осылай деді.
–Бұған дейін де Конституцияға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Бірақ, оның барлығы Парламент депутаттарының дауыс беруі арқылы бекітілетін еді. Бұл жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең, Ата Заңның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл мемлекеттік басқару жүйесі, Парламенттің өкілеттілігі мен сот жүйесінен бастап, қоғам өмірінің барлық негізгі салаларын қамтитын өзгерістер болып отыр. Ол өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс, – деді М.Рожин.
Кездесуге AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева да қатысып, ұстаздар қауымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Айта кетейік, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусым күні өтеді.