ХАЛЫҚ ТАЛАБЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ Избранное

Пятница, 06 Май 2022 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 729 раз

Шаһар басшысының халық алдындағы кезекті есепті кездесуі Еңбекші ауданы аумағында өтті. Жиынды ашып берген Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр
Нарымбетов бұған дейін тұрғындармен жаңа форматта 80-ге жуық кездесу өткенін айтты. Ол жиындарда 693 мәселе көтеріліп, бүгінге дейін 91-і шешілген. 518 талап-тілек жыл соңына дейін шешімін тауып, қалған 84 сұрақ қаржыға байланысты келесі жылға өтпелі. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполистің дамуына тоқталды.

214

 

– 2021 жылы қаламыздағы барлық салада оң өзгеріске қол жеткіздік. Мысалы, өнеркәсіп өндірісінің айналым қаржысының көлемі былтыр 785,4 млрд теңгеге жетті. Инвестиция да артты, ал биыл оның көлемін тағы 60 пайызға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Жалпы өңірлік өнім көлемі, жоспар бойынша 3 млрд теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз. Ал қаладағы индустриалды аймақтардан қала бюджетіне 36 млрд теңге салық түсті, – деді Мұрат Әйтенов.
Қала әкімінің мәліметінше, төрт индустриалды аймақ толып, бүгінде қосымша 3 индустриалды аймақтың құрылыс жұмысы жүзеге асырылуда. Оның біреуінің өзіне 100 млн теңге инвестиция жұмылдырылмақ.
Мұрат Дүйсенбекұлы демография мәселесіне де тоқталды. 2050 жылы қала халқының саны 2,5 млн адамға жетеді деп күтілуде. Осыған орай инфрақұрылымды дамыту басты назарда тұр.
Әкімнің есебінен соң Еңбекші ауданының әкімі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Одан кейін тұрғындар сұрақтарын қойып, жауап алды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.