Версия для печати

ВЕЛОЖОЛАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ Избранное

Пятница, 06 Май 2022 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 776 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалына кіреберісте 2020-2021 жылдары ұзындығы 2.2 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол салынған. Жолдың қос қапталында аяқжол мен веложолақ та төселген болатын.

216

 

Бұл нысанның құрылысына Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беріп, мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Мердігер компания «Корпорация «Береке А» құрылыс жұмыстарын өткен жылдың жазында аяқтады.
Сонымен қатар осы нысанмен бірге Шымкент әуежайының жаңа терминалына және Қызылжар елді мекеніне кәріз жүйесі де тартылған. Кәріз құбыры веложолақтың астынан өтуіне және жауын-шашынның көп болуына байланысты оның бір бөлігінің топырағы отырып, асфальт жабындысы бүлінген.
–Мемлекет бекіткен құрылыс стандарттарына сәйкес, кәріз құбырын, жалпы, барлық инженерлік-коммуникациялық желілерді аяқжолдар мен веложолақтардың астынан жүргізуге рұқсат етілген. Ал, автомобиль жолдарының астынан өткізуге болмайды. Алайда, осыған байланысты Шымкент қаласы әуежайының кіріберісіне төселген ұзындығы 2.2 шақырымдық веложолақтың 600 метрінде ақаулар пайда болған, – дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Ілесов.
Осыған байланысты кәріз жүйесін жүргізген мердігер компания келісімшартта көрсетілген кепілдікке сәйкес, бүлінген веложолақты өз қаржысы есебінен қайта қалпына келтіріп, жақында пайдалануға берді.