КҮЙЛІ МАЛДАН КҮЙКІ ТӨЛ ТУМАЙДЫ Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 504 раз

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге қаржы бөлінген.

131

 

Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы Жәнібек Тоғай мәлімдеді.
— Шымкентте 60 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның 20 мың гектары жайылымдық жер. Қазір қала аумағында 70 мың басқа жуық ірі қара бар. Мемлекет мал басын асылдандыруға басымдық беріп отыр. Егер фермер асыл тұқымды мал сатып алса, ірі қараның әрбір басына 400 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде мал азығын субсидиялауға 248 миллион теңге жұмсалмақ, – деді Ж.Тоғай.
Оның айтуынша, қуаңшылыққа байланысты жем-шөпке де субсидия төленеді. Мәселен, биыл оның мөлшері асыл тұқымды ірі қараның аналығына жылына 70 мың теңгені құрайды. Егер сиыр аралас тұқымды болса, 50 мың теңге, шаруа мал болса 30 мың теңге төленеді. Жылқыда әр сауын биеге 30 мың теңге, аналық қойдың әр басына 8 мың теңге субсидия беріледі. Дегенмен, мұндай көмекке қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс.
Мемлекеттің осындай көмегінің шарапатын көріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі – Кәрімжан Егемназаров. Алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын Нидерландыдан гольштин тұқымды 35 бас бұзаулы сиыр әкелген шаруашылықта бүгінде 220 бас ірі қара бар. Оның ішінде 140 басы сауын сиыр екен.

133


– Заманауи талаптарға сай қоражай салып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Гольштин тұқымының артықшылығы оның сүтті мол беруінде. Белгіленген рационмен құрама жем беріп отырамыз. Нәтижесінде әр басы тәулігіне 24-28 литр аралығында сүт береді. Яғни, әр сиырдан жылына 7 тоннадан астам сүт сауып алып отырамыз. Қазір тәулігіне 3 тоннаға жуық сүт сауылады, – дейді К.Егемназаров.
Әзірге шаруашылық сүтті жергілікті сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға өткізіп отыр. Өткізілген сүттің әр литріне 20 теңгеден қосымша субсидия алады екен. Кәсіпкер ферманың құрылысы аяқталған соң мал басын көбейтіп, біртіндеп шағын сүт өңдеу зауытын ашуды көздеп отыр.