100 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНУДА Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 485 раз

Шымкент қаласы әкімінің Қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру басталды.

134

 

Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда бұл жеңілдікпен 101 мыңнан аса оқушы қамтылып отыр.
Бүгінде қаладағы мемлекеттік білім беру ордасындағы - 88 657, жекеменшік мектептердегі 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ берілуде. Оған қосымша мемлекеттік білім ұяларындағы 28 367 жоғары сыныптың әлеуметтік жағдайы төмен отбасының мүшелері тегін тамақтануда.
Мектеп асханаларының ас мәзірі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі арқылы арнайы талаптар сақтала отырып, қалалық білім басқармасымен жасақталып ұсынылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.