Версия для печати

ШАҺАРДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ КӨБЕЙЕДІ Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1144 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті нығайта түсу мақсатында алдағы уақытта 100 модульді полиция бекеті ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.

132

 

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен генерал-майор Ералы Жұмаханбетов қаладағы модульді полиция бекеттерін аралап көрді.
– Қазіргі таңда Қазақстанда полиция қызметтің сервистік моделіне көшіп жатыр. Соның бір көрінісі ретінде Шымкентте 100 модульді полиция бекетін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтуға болады. Өткен жылы алғашқы 6 бекеттің құрылысы басталған болатын. Оның екеуі ашылып, жұмыс істеп тұр. Қалғандары жақын күндері іске қосылады, - дейді Е.Жұмаханбетов.

126


Модульді бекеттердің бірі Самал шағынауданында орналасқан. Мұнда учаскелік полиция инспекторы, жол-патрульдік полиция, көші-қон полициясы және ювеналды полиция қызметінің өкілдері жұмыс істейді. Бекет барлық қажетті құрал-жабдықтар және қызметтік автокөліктермен қамтылған. Шұғыл жағдайларда тұрғындар алысқа бармай-ақ осы жерде полицияның көмегіне жүгініп, арыз-шағымдарын да өткізе алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.