ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ВЕЛОСИПЕД ТАБЫСТАДЫ Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 564 раз

Шымкенттегі №2 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларына салтанатты жағдайда 86 велосипед табыс етілді.

125

 

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қатысты.
— Спорт – адам саулығының тәрбие мектебі. Баланың сабақтан тыс уақытын бос өткізбей, тұрақты әрі мақсатты түрде спортпен шұғылдануы жасөспірімдердің жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Бүгін еліміздің болашақ велоспортшылары үшін 86 велосипед тапсырылып отыр. Мұнда басқарма басшысы мен мектеп директорының еңбегі ерен. Себебі, осыдан бір жарым жыл бұрын мектепке келгенде спортта жетістікке жету үшін базаны дамыту қажет екені айтылды. Кей проблемалар айтылған жерде ескерусіз қалып қояды. Ал, Бегалы Анарбеков осы істі соңына дейін жеткізіп, нәтижесінде қала бюджетінен 50 миллион теңге қаржы қаралды. Енді оқушылардың спортпен тыңғылықты айналысып, әлемдік додаларда жеңіспен оралуына тілектеспіз, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов.
Ал мектеп директорының айтуынша, спорт мектебінде 176 оқушы велоспортпен шұғылданады.
– 10-15 жылдан бері мектептегі велосипедтер жаңартылмаған болатын. Бұл – біздің мектептің спортшылары үшін ерекше қолдау. Алынған 86 велосипедтің 47-сі тас жолға, 27-сі маутинбайк түріне арналса, 12 велосипед трекпен шұғылдануға бейімделген. Әрбір қолдау – оқушыларға үлкен серпін, жігер береді, - деді Бегалы Анарбеков.

А.НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.