Версия для печати

ДЕЛЕГАТТАР ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

Среда, 26 Январь 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1310 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат
Әйтенов төрағалық етіп, жүргізді.

113

 

Карантиндік шектеу шаралары ескеріліп, онлайн режимде өткен отырысқа Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы
Б.Нарымбетов, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде партияның кезектен тыс ХХІ съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттар анықталды. Ашық дауыспен съезге 14 делегат қатысатын болып шешілді. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлері кірді.
– Біз партияның Съезіне қатысатын делегаттар тізімін бекіттік. Сіздермен бірлесе отырып, алдымызға қойып отырған міндеттерін іске асыратынымызға кәміл сенемін, – деді
М.Әйтенов.
Еске сала кетейік, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.