Версия для печати

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР БАҚЫЛАУДА Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1671 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күнделікті тексерілуде. Жыл басынан бері 8 мониторингтік топ аудандағы 141 кәсіпкерлік нысанға (33 тойхана,
97 қоғамдық тамақтану орны, 8 ірі сауда орталығы, 3 базар) мониторинг жүргізген.

972

 

Тексеру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне қаулы талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, алгоритмге сәйкес дәлелдемелер жинақталып, құзырлы мекемеге жолданып жатыр. Бәріне қойылатын басты талап – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты ұстану. Ал бизнес субъектілерінде «ASHYQ» қосымшасы мен санитайзер болуы шарт.
Мониторинг топта аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тәртіп сақшылары, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «қызыл» аймақта. Тұрғындарды короновирус инфекциясының таралуына жол бермей, санитарлық талаптарды сақтауға, ревакцинация жасауға шақырамыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.