Жылу үшін төлем қалай есептеледі? Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1702 раз

Жыл сайын жылыту маусымының басталуымен көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын тұтынушылардың түбіртегіне жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі туралы жол қосылады. Онда 1 м2 үшін жылумен жабдықтау ақысы және пәтердің ауданына байланысты төленуге тиісті жалпы сома көрсетіледі.

978

 

Көп жағдайда тұтынушылар көрсетілген төлем деректеріне, олар қалай есептелгеніне, есептеу аспаптарының көрсеткіштері немесе тұтыну нормасы бойынша үйде жылу энергиясын есепке алу құралдарының бар-жоғына және т.б. назар аудармайды. Кейбір тұтынушылар әр жылыту айында төлем әртүрлі болатынына назар аударады да жылу тарифтері өзгерді деп ойлайды. Сөйтіп оған наразылық білдіреді, бұл әділетті де.
Тұтынушылар алаңның 1 шаршы метріне жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемнің қалай есептелетінін, сондай-ақ қажет болған жағдайда болашақта тұтынушылар төлемақыны өз бетінше есептей алатынына хабардар болуы үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2021-2022 жылдарға арналған ағымдағы жылыту кезеңінің негізінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін төлемақы есептеулерінің үлгісін дайындады.
Төлемді есептеу үшін біз жылу энергиясын тұтынудың бекітілген нормаларын және 1 Гкал үшін бекітілген тарифті білуіміз керек.
Мәселен, Шымкент қаласының әкімдігі жылыту кезеңінде есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін 0,094 Гкал мөлшерінде жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекітті, оның ішінде айлар бойынша:
- қараша айында - 0,0158 Гкал; - желтоқсан айына - 0,0216 Гкал; - қаңтар айына - 0,0242 Гкал; - ақпан айына - 0,0199 Гкал; 

- және наурыз айында - 0,0125 Гкал.
Енді келесіге назар аударсақ, белгілі бір айға жылу энергиясын тұтыну нормалары сыртқы ауа температурасына байланысты бекітілген. Мысалы, желтоқсан мен қаңтар айларындағы жылу энергиясын тұтыну нормалары басқа айлармен салыстырғанда жоғары. Өйткені олар ең суық және сәйкесінше үй-жайларда температура кестесін сақтау үшін көбірек отын (газ, мазут, дизель отыны) жұмсалады. Тиісінше, осы айлар үшін төлем басқа айлармен салыстырғанда жоғары. Департаменттің бекітілген тарифі - ҚҚС есебімен 5742,82 теңге/Гкал.
Сонымен, халыққа жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем, есепке алу аспаптары болмаған жағдайда келесі формула бойынша анықталады:
1м2 үшін төлем (бұдан әрі-теңге/м2) = Q норма * Т, онда:
Q норма – Шымкент қаласының әкімдігі бекіткен есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасы, Гкал / м2;
Т – есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін департаментпен бекітілген тариф, теңге / Гкал.
Түсінікті болу үшін 2021 жылдың қараша айын алайық:
– қараша - 0,0158 Гкал (норма) х 5742,82 (ҚҚС қосылған тариф) = 1 м2 үшін 90,74 теңге;
онда:
0,0158 Гкал – қараша айына бекітілген норма;
5742,82 теңге – бекітілген тариф ҚҚС-мен;
90,74 теңге - бұл 1 м2 үшін төлем.
Осылайша, басқа жылытылатын айлар үшін төлем есептеледі, түсінікті болу үшін, төменде көрсетіледі:
– желтоқсан - 0,0216 Гкал көлемі х 5742,82 тариф ҚҚС есебімен = 124,04 теңге м2 үшін;
– қаңтар-0,0242 Гкал көлемі х 5742,82 тариф ҚҚС есебімен = 138,98 теңге м2 үшін;
– ақпан-0,0199 Гкал көлемі х 5742,82 тариф ҚҚС есебімен = 114,28 теңге м2 үшін;
– наурыз-0,0125 Гкал көлемі х 5742,82 тариф ҚҚС есебімен = м2 үшін 71,79 теңге.
Есептеулерден көріп тұрғанымыздай, департамент бекіткен тариф өзгермеген, бірақ 1 шаршы метр үшін төлемдер өзгереді, себебі нақты айға байланысты, яғни ай неғұрлым суық болса, төлем соғұрлым жоғары болады. Керісінше, ай неғұрлым жылы болса, жылу ақысы соғұрлым төмен болады.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар үйлер бойынша жылыту төлемақысы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есептеледі. Яғни жылу энергиясын нақты тұтыну бойынша қойылады.
Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласында жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифі өткен жылыту маусымымен салыстырғанда жоғарылаған жоқ, керісінше -2,54%-ға төмендеді.

Д. ҚАИНБЕРДИЕВ,
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы
бойынша департаментінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.