ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАДЫ Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1214 раз

Шымкент қалалық №13 емханасында мегаполистің дін қызметкерлері ревакцинациядан өтіп жатыр. Жалпы Шымкент қаласында Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасына 88 мешіт тіркелген.

960

 

— Қала мешіттерінде қызмет ететін 259 дін қызметкері бар. 2021 жылы осы азаматтардың 89 пайызы дәрігердің рұқсатымен коронавирусқа қарсы екпе алған еді. Мерзімі келген соң, биыл осы азаматтар №13 емханаға ревакцинация алуға келіп отыр. Өткен екпе алу кезеңінде дін қызметкерлері арасында кері әсері тиген азаматтар кездескен жоқ. Алайда, өткен жылы вакцинацияға дейін 6 дін өкілі коронавирус дертінен бақилық болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с «Адам екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі – уақыт. Екіншісі – денсаулық» деген. Әр адам өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан қала тұрғындарын екпе алуға шақырамын, - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.
Шымкент қалалық №13 емханасының инфекционист-дәрігері Феруза Рахманованың айтуынша, емханаға 53 425 азамат тіркелген. Оның ішінде екпе алуға тиіс 29 018 адам толығымен вакцинацияланған.
– Бүгінде емхана мектеп оқушылары мен жүкті, емізулі әйелдерге вакцинация жасап, өзге тұрғындарды ревакцинациядан өткізуде. 12-18 жас аралығындағы 850 оқушыға, 36 жүкті әйелге және 70 босанған әйелге Pfizer екпесі салынды. Ревакцинацядан емханаға қарасты 4000 адам өткен. Оның ішінде жүкті - 46, босанған - 6 әйел бар. Сондай-ақ, 60 жастан асқан 95 қария Pfizer екпесімен ревакцинацияланды, -дейді Ф.Рахманова.