Сапалы интернетпен қамтылды Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1640 раз

Шымкентте шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді сапалы интернетпен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері 11 елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.

830

 

Соның бірі – мыңнан астам тұрғыны бар «Шұғыла» шағынауданы сапалы интернетке қосылды. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов елді мекен тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Қазіргі таңда «Шұғыла» елдімекені 100 % талшықты оптика желісімен қамтылған. «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 1000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі арқылы 60 шақырым абоненттік кабель тартылып, 4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндік жасалды. Енді тұрғындар өтінім білдіріп, үйлеріне қостырулары қажет.
200 Мбит/сек жылдамдыққа дейінгі кеңжолақты интернет желісіне қостыру үшін I-Shymkent.kz немесе 87753952902 (WhatsApp ) нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы арқылы Самал-3 шағынауданын 100 % талшықты оптика желісімен қамту жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.