ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 937 раз

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мерекелік демалыс күндерге орай күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде департамент бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мәлімдеді.

832

 

– Мұндағы мақсатымыз – пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу. Кешенді іс-шаралар 2 кезеңде атқарылады. Бірінші кезекте қаладағы көпшілік орындарда тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау туралы насихат жүргізіледі. Жыл басынан бері осы бағытта 8000-ға жуық адамды қамтыған 43 рейд, 2 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деді азаматтық қорғау полковнигі.
Департамент мамандары екінші кезекте кәсіпкерлердің пиротехникалық заттарды сатуы мен сақтау тәртібіне бақылау жүргізеді. Атап айтқанда полицейлермен бірге пиротехникалық заттар сатылатын ірі сауда орындарына, базарларға рейдтер жүргізіледі. Айта кетейік, пиротехникалық заттарды сатушылардың лицензиясы болмаса немесе заттарды сақтау тәртібінде заң бұзушылықтар болған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге айыппұл салынып, пиротехника тәркіленеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.