NUR OTAN: ҰСТАНЫМ НАҚТЫ ІСТЕРМЕН ДӘЛЕЛДЕНУДЕ Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 933 раз

Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған Nur Otan партиясының азаматтық қоғамда орны бөлек. Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Әрі бұл ұстаным нақты істермен дәлелденуде.

827

 

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-ге жуық ұсынысының ескерілгені – халықтың партиясы екенінің дәлелі. 10 басымдық пен 149 тармақ 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін бюджеттен 1,3 трлн. теңге қарастырылып отыр.
Бұл алдағы бес жылдықтағы партияның халыққа берген уәдесінің орындалуының көрсеткіші болып саналады. Жол картасын іске асыруды бақылау мақсатында мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері бекітіліп, олар қазіргі таңда белсенді жұмыс жасап келеді. Әрбір индикатордың орындалуын партия бақылауда ұстайды. Елдің ертеңі жауапты партиямызға тапсырылғаннан кейін тұрғындардың сенімін ақтаймыз деген сенімдемін. Сол үшін Жол картасын іске асыру басты мақсаттарымыздың бірі екенін жіті түсінуіміз керек.
Қалалық сайлауалды бағдарламаның атқарылуы бойынша әзірленген Жол картасының 11 айдағы іске асырылған жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалып жатыр. 11 айдың қорытындысы бойынша 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның бүгінгі күнге дейін 73-і (59,8%) аяқталып, қалғаны жылдың соңына дейін орындалады. Осының ішінде, мен Анарбеков Нұрпейс Жапарұлы қалалық мәслихат депутаты, құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі ретінде өзіме бекітілген тиісті индикаторлар бойынша есеп беріп өтсем.
Атап айтқанда, тұрғын үй және инфрақұрылым саласында атқарылатын іс-шаралар бойынша жылдың соңына дейін 661 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қазіргі таңда 11 айда 590,6 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 1 млн. шаршы метрге дейін жеткізіледі деген жоспар тұр. Олардың ішінде, 629 әлеуметтік әлсіз топтағы азамат, 25 жетім бала, 349 көпбалалы анаға пәтерлер табысталып, қоныс тойларын тойлады.
Ал, Жол картасында 2021 жылы 6052 орындық 12 мектеп салу жоспарланған болатын. Бұл іс-шараның орындалуына бақылау жасау мақсатында үлкен көрсеткіштерге жетіп отырмыз. Яғни, күні бүгінге дейін 12 714 орындық 25 мектеп салынып, пайдалануға берілгені үлкен жетістік. Оның ішінде 1920 орындық 4 мектеп мемлекет, ал 21 білім ұясы жекеменшіктің есебінен салынды. Бұл миллионды қала үшін әлі де жеткіліксіз. Үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілген жоқ. Бұл мәселе алдағы жылдарыда шешімін табады деген жоспарымыз бар. Барлық мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде турникеттер орнатылып, спорт алаңдары мен ішкі әжетханалармен қамту жұмыстары аяқталды. 15 мыңнан астам компьютер мен 18 мың парта алынып, балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар қарастырылуда.
Сонымен қатар, әлемді әбігерге салған пандемия елімізге, өңірімізге де өзінің зиянын тигізді. Бұл өте өзекті мәселе екенін білеміз. Алғашқыда қаламызда айтарлықтай қиындықтар болды. Науқастар үшін орындардың жетіспеушілігі байқалды. Мәселені жүйелі түрде шешуде Жол картасында 2021 жылы 2 медициналық мекеме салу жоспарланды. Бүгінгі күні тәулігіне 2,5 мың азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме (Асар ш.а модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы, Қазыбек би көшесіндегі «№14 емдеу орталығы», «Сұңқар премиум» жекеменшік медицина орталығы, Қазығұрт шағынауданындағы «Клиника Қазығұрт» клиникасы, «Әсем медикал» медицина орталығы) салынып, №1 емханаға, №2-ші ауруханаға, қалалық перзентханаға және «Ана мен бала» орталығына күрделі жөндеу жүргізіліп, тұрғындардың игілігі үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Қаламызда жыл сайын 500-ден астам азаматты қабылдайтын «Бедеулікті емдеу репродуктивті медицина институтының» филиалы ашылды.
Бұқаралық спортты дамытуда биылға 2 спорт нысанын салу көзделген. Осыған орай, 1200 орындық 2 спорт кешені салынып, ел игілігіне берілді. Биыл берілуге жоспарланған 20 спорттық секция саны 37-ге жеткенін де айтпай кетуге болмас. Бұдан бөлек, жоспарға сәйкес 300-ге жуық спорттық шара ұйымдастырылып, ол 45 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Бұл қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануға ерекше назар аударып отырғанын білдіреді.
Шалғайдағы елді мекендерді дамытуда 2021 жылға ауыз сумен қамтамасыз етуді 95,6 пайызға жеткізу жоспарланса, бүгінде ол 98%-ды құрады. Ал көгілдір отынмен тұрғындардың 93% қамтамасыз етуде сағатына 250 мың текше метр құрайтын №3 автоматты газ реттегіш станциясының құрылысы аяқталуда. Биыл «Бозарық», «1-М-1» қосалқы электр станциялары іске қосылды. Жалпы, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді 95% жеткізу жоспарланса, бүгінде осы көрсеткішке толық қол жеткіздік және де 16 шақырым кәріз жүйесін салу 88%-ға орындалды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары 100%-ға аяқталады.
Сондай-ақ, жолдар мен көлік инфрақұрылымы саласында жоспарланған 4 көпірдің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Жаңа әуежай терминалының 1-ші кезеңі аяқталды. №1 автожол, Әл-Фараби көшесінің жалғасы аяқталды, Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық пайдалануға берілді. Қаладағы 153 шақырым топырақ жолдарға толығымен тас төсеу жоспарланып, нәтижесінде 175,4 шақырым жолға тас төселді.
Қоғамдық көлік саласында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қазір 590 жаңа автобус бағыттарға қойылды. Қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі 100%-ға енгізілді. «Шымкент байк» жүйесі іске қосылып, ағымдағы жылға жөндеуден өткен 125 көшенің жалпы ұзындығы 183,4 шақырымды құрап, жылдың соңына дейін қосымша жолдардың құжаттары қабылданатын болады.
Nur Otan – нақты істер мен жарқын болашақтың партиясы! Әрдайым қала тұрғындарына сайлау науқаны кезінде берген уәдемізді орындаймыз деген сенімдемін. Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Нұрпейіс АНАРБЕКОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Құрылыс және
аумақты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.