Жол салуда көш бастаған компания Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 775 раз

«Корпорация «Береке А» ЖШС 1998 жылы Шымкенттегі банкрот деп танылған жол-құрылыс материалдары комбинатының негізінде құрылған. Ол бүгінде республикалық, облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жол мен көпірлердің құрылысын жүргізеді. 23 жылдық тарихы бар кәсіпорын биылғы жылды да толағай табыстармен аяқтап отыр. Ал жалпы Тәуелсіздіктің 30 жылында компанияның осы кезге дейінгі қолға алған ілкімді жобалары жетерлік.

824

 

Кәсіпорынның негізін қалаған кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева. Бүгінде мекемеде 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымды кезеңдерде қатардағы жұмысшылардың саны екі есеге артады. Серіктестік иелігінде 300-ден аса техника бар. Өндіріс алаңында соңғы технологиямен жабдықталған үш асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді. Олар QLB-2000 120-160 т/сағ., QLB-3000 240 т/сағ. және 300 т/сағ. «ASTEC» асфальт-бетон зауыттары.
Бұдан бөлек, темір-бетоннан жасалған арқалық, көпір тақталары, қада, науалар, тротуар және іргетас блоктары, жоғары вольтты желілердің іргетасы сияқты 80-ге жуық өнім шығаратын 2 цех бар. Асфальт-бетон зауыты мен темір бетон цехы өнімдерінің сапалық құрамы аккредиттелген және 60-қа жуық арнайы қондырғылармен жарақтандырылған зертхана бөлімінде талданады.
«Корпорация «Береке А» ЖШС тұрғын үй құрылысы саласында да бірнеше жобаларды іске асырды. Негізінен компания Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында жол құрылысы жұмыстарымен айналысады.
Қолға алған жобалардың бастыларына тоқталып өтсек, 1999 жылы «КазТрансОйл» компаниясының тапсырыс беруімен Созақ ауданында аэроплан қонатын аумаққа орын дайындады. Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданында көппәтерлі үш тұрғын үй құрылысын салды.

825


«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізін салуға қосалқы мердігер мекеме ретінде қатысып, қытайлық «Синохайдро», кореялық «Кукдонг Инжиниринг & Констракшн Ко. Лтд», «Поско Инжиниринг», отандық
«ҚазАвтоЖол», «АКМ – Планум» ЖШС-мен бірге құрылыс жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ 2014-2016 жылдары Шымкент қаласы Қапал батыр көшесіндегі көпірді қайта қалпына келтірді. Жібек жолы көшесін жөндеді. Үшінші мегаполистің бас көшесі Тәуке хан даңғылын көріктендірді. Астана даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесін байланыстыратын көше құрылысын жүргізді. Темірлан тас жолын қайта жаңғыртты. Ол Иляев көшесі қиылысынан бастап Сыпырған ата көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Қаладағы Бадам өзені үстінен Оңтүстік айналма жолдың жобасына кіретін көпір салды. Өткен жылы Жангелдин көшесін орташа жөндеуден өткізді. Биыл Республика даңғылын қалпына келтіріп, әуежайға кіреберіс көше құрылысын қолға алуда. Жоспар бойынша келесі жылы Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі аралықты алып жатқан Оңтүстік айналма жолын салып, Ғ.Иляев көшесін орташа жөндемек. Түркістан қаласында да жол саласына қатысты көптеген жобаларды іске асырып келеді.
Кәсіпорын көпір салу құрылысы бойынша да тәжірибесі қалыптасқан мекеме. Бүгінге дейін Қазығұрт, Сарыағаш, Түлкібас, Ордабасы аудандарында бірнеше көпір салып, бірқатарын қайта жөндеуге атсалысты. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің жобасы аясында 25-тен астам көпір құрылысын жүргізді. Корпорация кең ауқымды жол құрылысының бірі атанған «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» жобасында өзіне тапсырылған жұмыс көлемін тиянақты орындады. Соның нәтижесінде Түлкібас ауданы Машат асуы, Тараз-Қордай жол бөлігі, Темірлан ауылына кіретін айналма жол құрылыстарын сапалы орындап, жолдарды бірнеше көпірмен байланыстырды.
Жол және көпір құрылысына қажетті барлық өнімдер атап айтқанда, жол белгілері, темір-бетон өнімдері, механикалық бұйымдар, жиектастардың барлығы корпорацияның базасында шығарылады. Сондай-ақ құрылыс мекемесі өндірістік-техникалық, темір-бетон цехы, жол белгілері цехы, ағаш цехы, механикалық және дәнекерлеу цехы, есеп-қисап бөлімі сынды құрылымдық бөлімдерден тұрады. Осынау ауқымды құрылыс жұмыстарының арқасында компания 2005 жылы мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын мерзімінен бұрын орындағаны үшін бұрынғы ОҚО облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті дипломының иегері атанды. Республикалық «Парыз-2009» конкурсының күміс жүлдесін жеңіп алды. 2010 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыстың өсіп, өркендеп көркеюіне қосқан ерекше үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Парыз-2010» номинациясын иеленді. 2011 жылы Шымкент қаласының көркеюіне белсенді үлес қосқаны үшін қала әкімдігінің және 2017 жылы өңірдің құрылыс саласының дамуына қосқан елеулі үлесі және жоғары жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Бұдан бөлек компания көптеген қайырымдылық іс-шараларға қатысып, әлеуметтік бастамаларды қолдауда белсенділік танытып жүр.

Еркінкүл ОСПАНӘЛИЕВА,
«Корпорация «Береке А» ЖШС-нің бас директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.