Версия для печати

«Қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ Избранное

Среда, 22 Декабрь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1165 раз
Оцените материал
(0 голосов)

21 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

815

 

Жағымды жаңалықтың бірі – елімізде «қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ. «Сары» аймақта – Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, «жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Ал Шымкентте 10 мыңнан аса адам «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын салдырды. Қазіргі таңда жас-өпірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге осы препаратты егу жұмыстары жалғасуда. Шымкент қалалық №1 емханада 15 қарашадан 20 желтоқсанға дейін тиісті контингентке жататын 400-ден астам адам екпенің бірінші компонентін, ал 180 адам екінші дозасын салдырған. Ал жалпы қалада вакцинаны 10325 адам алды.
Емханадағы егу пунктіне келген жасөспірімнің бірі – Мырзабек Өмірзақ. Шымкент жоғары медициналық колледжінің 17 жасар студенті «Комирнати» вакцинасын ерікті түрде, ата-анасының келісімімен салдырғанын айтады. Алғашқы дозасын осыдан 21 күн бұрын алған. Ол алдымен жазбаша сауалнамаға жауап беріп, дәрігердің тексеруінен өтті.
– Алғашқыда қорқыныш болды. Бірақ, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеу керек деп шештім. Ата-анам да бұл ұсынысымды қолдады. Өзім болашақ дәрігермін. Бүгін екінші компонентін салдырдым. Жанама әсері байқалмады, – деді жасөспірім.
Қалалық №1 емхананың жұқпалы аурулар дәрігері Жанайым Мұратбекқызының айтуынша, әйелдер екпені жүктіліктің 16-аптасынан 37-аптасына дейін салдырады. Сонымен қатар, бала емізетін әйелдер босанғаннан соң 42 күннен кейін вакцина салдыра алады. Дәрігер жасөспірімдер де ересектер сияқты вакцинация паспортын алатынын атап өтті.
– Вакцинация 21-28 күн аралығында, екі рет жүргізіледі, бір құтыда сұйылтқаннан кейін алты доза (0,3 мл-ден) болады. Вакцина алудың мақсаты – КВИ бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта аталған вакцина салуға жататын контингентті 4 мыңға жуық емхана тіркелушісі құрайды. Әзірге шағымдар тіркелген жоқ, – дейді Жанайым Полат.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері келтірген дерекке сәйкес, 15 қарашадан бастап Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу үшін «Комирнати» вакцинасының 46800 дозасы алынған. 20 желтоқсанға дейін қалада 10325 адам егілген. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 7754, жүкті әйелдер – 1122, бала емізетін әйелдер – 1449. Екінші компонент 2882 адамға салынды.