Егемен болмай ел болмас... Избранное

Среда, 15 Декабрь 2021 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1488 раз

Қазақ үшін Тәуелсіздіктің құны қымбат. Неге екені белгісіз ел ішінде Тәуелсіздікті қазаққа оңай келгендей көретін кісілердің қарасы көп.

760

 

Ниеті бұзық әлдебіреулердің азғырындысына еретін сияқты көрінеді. «Керегі бар ма еді дейді. «Елдің ең соңынан алдық» дейді. Дұрыс пікір емес.
Оңтүстікке келген бір сапарында қазақтың абыз ақсақалы Әбіш аға Кекілбаев айтқан сөз үнемі көкейімізде жүреді.
«Тәуелсіздік алар тұста Қазақстандағы қазақтардың саны қырық пайызға толық жетпейтін еді. Бодандықтың қамытынан шығу қазаққа өте ауыр болатын. Қазақстанның әр түкпірінде мемлекеттің жерін бөліп алу үшін референдум жасауды талап еткен сепаратистер көбейіп тұрды. Қазақ жерінің пышақ үстінен бөлініп кету қаупі болды. Осындай сын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың басын бір арнаға қосып, Тәуелсіздікке қол жеткізді. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек деген.
Сол кездегі қазақтардың жартысына жуығы орыс тілді, мәңгүрті басым жұрт екенін ескерсек, шынында да өте қорқынышты болғанын аңдайсың.
Бүгінде өткен қиындықтар ұмытылып келеді. Күні кеше өз елі, өз жерінде 40 пайызға жетпеген қазақ соңғы статистикалық санақта 70 пайыздан асты. Жер көлемі жөнінен әлемде ондыққа кіретін қазақтың келешегі жарқын болары сөзсіз. Әлемде екі жүзден астам мемлекет болса, соның отызға жуығы ғана шекарасын мықтап шегендеген. Сол аздың бірі – біздің Қазақстанымыз. Яғни, ешкім бізге жер дауын айта алмайды. Әрине, пандемияға байланысты әлемде туындаған қиындықтарды еліміз де басынан кешіріп жатыр. Ол да өтер. Егемендігіміз баянды болсын. Сол үшін бір сапта болайық.

Нұрсұлтан БАЛАБИЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.