– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жылдың басынан басталды. Әр ай белгілі бір салаға арналды. Енді «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталып, ол 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бекіткен жұмыс жоспарына сай өтетін жоба аясында 107 тармақтан тұратын іс-шаралар ұйымдастырылады. 17 желтоқсанға дейінгі әр күнге жеке атау берілген. Жобаның алғашқы күні – «Студенттер күні» деп аталды. Соған сай оқу орындарында жастарға қатысты іс-шаралар өтті, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Спикердің айтуынша, жоба 6 бағытты қамтиды. Олар – ұлттық құндылықтарды дамыту; білімді жастарды қолдау; мәдениет саласын дамыту; кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру; азаматтарды әлеуметтік қолдау және мерекеге орай ашылатын түрлі нысандар бағыты.
Қалада осы бағыттардың әрқайсысы бойынша оннан астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Жиынды қортындылаған Шыңғыс Жұмабекұлы іс-шаралар қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қарай, барлық талапты сақтай отырып өткізілетінін айтты.