ТҰРҒЫН ҮЙ РЕФОРМАСЫ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ Избранное

Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 318 раз

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және  жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

413

 

Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 581 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 411 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 93,6 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 317 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 59 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Өткен аптада көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен 28 жиналыс өткізіліп, 1 үйде мүлік иелерінің бірлестігі тіркелді. хаттамаларын түзіліп, жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 527 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 358 тұрғын үй жай серіктестікке бірікті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.
Еңбекші ауданы аумағында көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында жол картасы бекітілді. Және кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның арқасында қазіргі уақытта аудан аумағындағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің 16-сы мүлік иелерінің бірлестігі, 403-і жай серіктестікті таңдау жөніндегі келісімі және 47 бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, жалпы 530 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қарашаның 11-18 аралығында Еңбекші ауданы әкімшілігінің мамандары 95 көпқабатты тұрғын үйге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға хаттамалар берілді.
Қазіргі таңда Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС жүйесін түсіндіру бойынша тұрғындармен 96 кездесу, 22 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 10 МИБ және 305 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жиналуда.