Ардагерлер басылымға тегін жазылады Избранное

Пятница, 12 Ноябрь 2021 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1086 раз

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі - ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.

351

 

Басқарманың ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешімімен ардагерлер өздерінің сүйікті республикалық, облыстық және қалалық басылымдарына да тегін жазыла алады. Олар, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер және «Ардақты ардагер» журналы. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген. Газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі. Биыл Шымкентте 2500-ге жуық қарияны басылымдарға тегін жаздыру қарастырылған.
Сонымен қатар, 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлем жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 122 жалғызілікті қария бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.