Одан бөлек, мұнда спорттық құрылғылар орнатылған workout аймағы да қарастырылған. Енді аула тұрғындары жыл он екі ай осы алаңқайларда дене жаттығуларымен айналыса алады.
Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, сондай-ақ Серік Төлбасов қорының директоры Зухра Оразова, TS DEVELOPMENT заң мәселелері жөніндегі директоры Бауыржан Сералин тұрғындар мен жас спортшыларды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде. Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қалада 115 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның ішінде 15 спорттық нысан демеушілер есебінен бой көтереді. Серік Төлбасов қорына айтар алғысым шексіз, - деді Мақсұт Пернебайұлы.
Өз кезегінде тұрғындар балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуге себеп боларлық осындай нысанды салып бергендері үшін демеушілерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.