Версия для печати

ГҮЛЗАРҒА КЕЛІП, КІТАП ОҚЫҢЫЗ Избранное

Пятница, 05 Ноябрь 2021 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1285 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкенттегі Чернобыль апаты құрбандарына арналған гүлзарда «Кітап оқитын Шымқала» кітап алмасу шарасы өтті.

305

 

Абай атындағы орталық кітапхананың бастамасымен мұндай көшедегі кітап сөрелері қаладағы ауруханалар мен оңалту орталықтарында, Қаратау ауданының аумағында С.Бәйтереков ескерткіші мен №130 жалпы орта мектеп маңында орнатылған болатын.
Буккроссинг бұрышының ашылу салтанатына жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы, қалалық Чернобыль ардагерлері одағының мүшесі Ғани Жақыпбек және қала тұрғындары қатысты. Бастама қала тұрғындарына кітап оқу мәдениетін насихаттап, көркем әдебиеттерді қолжетімді ету және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында қолға алынған.
Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі Раушан Сұлтанбектің айтуынша, кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтарған кітапты оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды. Сондай-ақ, үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.