Версия для печати

СПАРТАКИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ Избранное

Среда, 20 Октябрь 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1394 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполистегі діни конфессия өкілдері арасындағы спорттық сайыс аяқталды. «Аламан» спорт кешенінде өткен жабылу рәсіміне Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Мұрат Жолдықожаев пен Талғат Балтабаев, қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, дін істері басқармасының жетекшілері, діни конфессия өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

109

 

– Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – Шымкенттегі жарыстар бір ай бойғы спартиакиада түрінде өтті. Келесі жылы да осы дәстүрді жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Шымкент қаласының дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Алиякпаров.
Салтанатты жиында спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, алғыс хаттар мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, шахматта сайысында 1-орынды Камра Вапаев алса, 2-орын – Бақытжан Қарсыбаев, ал 3-орын – Игорь
Лативскийге бұйырды.
Үстел теннисі: 1-орын – Заманай
Саматов, 2-орын – Сергей Есауов, 3-орын – Ербол Әуелбеков.
Шағын футбол: 1-орын – «Ақмешіт»
командасы, 2-орын – «Әл-Фараби» командасы, 3-орын – «Дружба» командасы.
Айта кетейік, дін өкілдері арасындағы спартакиада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 қазан – Рухани келісім күніне орайластырып өткізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын рәсімдеу.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.