Шығармашылық кештің басты мақсаты - күйшінің туындыларын насихаттау, жастарды күй өнеріне баулу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Кеш «Домбырашы қыз» деректі фильмінен басталды.Арнайы қонақ ретінде ұстаз домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар шақыртылды. Шара барысында Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады. Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың Дина Нұрпейісоваға арнауынан «Ана сыры» әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалап көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.