Сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1403 раз

Шымкент қаласының әкімі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарының барысын қадағалады. Мердігер мекеме басшыларымен жұмыс барысы, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылады. Жүктелген жұмыстарды сапалы және мерзімдерінде аяқтауды міндеттеді.

944

 

Аталған бағдарлама шеңберінде құрылыс басқармасының тапсырысымен жалпы 287 мың шаршы метрді құрайтын 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде кредиттік 57 үй, арендалық 22 үй. Биылғы жылы 39 үй пайдалануға беріледі. Барлығы 141 мың шаршы метрді құрайтын 2432 пәтер тапсырылады. Құрылысы жүргізіліп жатқан 6 арендалық үй әкімшілік-іскерлік орталығында, кредиттік 4 тұрғын үй Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан. Ал, көпқабатты 61 үй Тұран шағын ауданында салынуда.
Сондай-ақ, қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыстарын да тексерді. Мұнай зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілуде. Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді. 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда.
2021 жылға дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған. 12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, жаяу жүргіншілер көпірі мен 2 бөгет салынып, 24 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған.
Қазір жаяу жүргіншілер жолы мен айналаны шолу көпірін салу, жағалауды бетондау және 4,8 шақырым аумақты абаттандандыру жұмысы атқарылуда. Нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.