Версия для печати

9 МЫҢ ДАУ БІТІМГЕРЛІКПЕН ШЕШІЛГЕН Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1664 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте 5 жылдың ішінде медиаторлардың араласуымен 9 мың дау оң шешімін тапқан. Бұл туралы Әл-Фараби кітапханасында өткен «Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары» атты форумда айтылды.

945

 

— Медиация орта және жеңіл қылмыстар мен азаматтық істерді бітімгерлік жолмен шешуге көмектеседі. Әсіресе, ерлі-зайыптылардың ажырасуына, дүние-мүлік бөлісуіне, олардың балаларының тұрақты мекен-жайын анықтауға байланысты істерді сотқа жеткізбей, қос тараптың да уақытын, қаржысын ысырап етпей, жүйкесін тоздырмай шешуге мүмкіндік беріп келеді. Ең бастысы, медиация балалардың бір-бірімен дауласқан ата-анасының арасында қалып, моралдық тұрғыда зардап шегуінен сақтайды. Мұнан бөлек медиация әдісі кәсіпкерлердің арасындағы дау-дамайлар мен келіспеушіліктерді шешуде де сәтті пайдаланылып жүр. Соңғы кездері мектеп медиациясы да қолданысқа енгізіле бастады. Жалпы, соңғы 5 жылдың ішінде Шымкент қаласында 9 мың дау-дамай медиаторлардың араласуымен бітімгерлік жолымен оң шешімін тапты, – дейді Шымкент қалалық медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова.
Бүгінде Шымкент қаласында 6 медиациялық орталықта 216 кәсіби медиатор жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі де өз жұмысына заманауи медиация тәсілдерін тиімді қолданып келеді.
Айта кетейік, форумға
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Шотанов,
Қазақстан медиаторлары палатасының төрайымы Э.Есімбетова, республикалық медиаторлар қауымдастығының президенті
Н.Оразқұлова және басқалар қатысып, өз ойларымен бөлісті.