САЙЫСТЫ, СЫЙЛАСТЫ... Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1720 раз

Шымкентте діни конфессия өкілдері арасындағы спорттық сайыстар жалғасуда. Дін өкілдерінің спартакиадасының аясындағы үстел теннисі жарысы «Мұз сарайында» өтті. Спорт бәсекесіне 20-дан астам қатысушы жиналды.

949

 

– Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – жарыстар бір күнде емес, бір ай бойғы спартиакиада түрінде өтуде. Бұл жолы үстел теннисінен жарыс өткізіліп, өзара мықтылар анықталады. Ал жеңімпаздар спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімінде марапатталады, – деді Шымкент қаласының дін істері басқармасының қызметкері Ғалымжан Сарманов.
Айта кетейік, дін өкілдері арасындағы спартакиада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 қазан – Рухани келісім күніне орайластырып өткізілуде. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын рәсімдеу. Бір айлық бәсеке 15 қазан күні мәресіне жетіп, түрлі сайыстардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.