Версия для печати

Бүлдіршіндерге - тегін шеберлік сабағы Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1289 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирк» мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізуде. Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі.

930

 

Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев «5 минутта сальто» сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін Ұлықбек Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
Одан өзге, цирк ішінде «Circus Star» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге цирк өнерін кеңінен меңгеріп, манежде өнер көрсеткісі келетін 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Айта кетейік, өнер ұжымы 12-24 қазан аралығында «ON Цирк» жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл жолы Қырғызстан Республикасы мен Нұр-
Сұлтан қаласы циркінің өнерпаздары таңдаулы
қойылымдарын тарту етпек.