Версия для печати

«Аңсаған сәби» аналарға үміт сыйламақ Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1484 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кеше Шымкентте Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның және Өңірлік комиссияның отырысы өтті. Елдегі пандемиялық ахуалға байланысты өңірлік комиссия мүшелері ұлттық комиссия отырысына бейне-конференция арқылы қатысты. Отырысқа ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Л.Рамазанова төрағалық етті.

913

 

Бейне-конференцияда ҚР Президенті жанындағы «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жүзеге асу барысы талқыланып, оған 6 пилоттық өңір – Қызылорда, Талдықорған, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Өскеменнен байланысқа шықты. Онда пилоттық жобаға қатысушы өңірлердегі отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері, онымен күрес жұмыстарының барысы талқыланды.
Жиын Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысымен жалғасты. Комиссия төрағасы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның басшылығымен өткен басқосуға құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті ҮЕҰ жетекшілері қатысты.
Басқосуда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов «Баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау» тақырыбында баяндама жасады. Онда «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасының барысы және экстракорпоральді ұрықтандыру бойынша квота жайы айтылды.
— 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша экстракорпоральді ұрықтандыруға 50 квота бөлінсе, 2020 жылы 64 орын қарастырылған. Биыл квота саны 403-ке жетті. 9 айда оның 338-і игерілді. Жалпы, экстракорпоральді ұрықтандыру бойынша Шымкент Алматыдан кейінгі екінші орында тұр. Келер жылы квота саны 700-ге жетуі мүмкін. Оған 42 жасқа толмаған кез келген әйел қатыса алады, - деді мегаполистің бас дәрігері.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева аз қамтылған және сәтсіз отбасылардағы бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде баяндады.
Ж.Тәжиеваның айтуынша, 2021 жылдың 9 айында 151 жағдай тіркелген. Оның басым бөлігін 44 фактімен отбасылық зорлық-зомбылық құраса, 86-сы жасөспірімдер арасындағы түрлі құқықбұзушылықтар.
Айта кетейік, мегаполистің 202 білім ұясында 258 554 оқушы білім алуда. Оның 56 157-сі аз қамтылған отбасылардың балалары.
Жиын барысында дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұяқбаев мегаполистегі діни ахуалды баяндады.
Басқосу соңында Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныс беру жөнінде шешім қабылдады.