Версия для печати

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1873 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қарияларды құрметтеу – атадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда Қарттар күні мерекесі елімізде кең көлемде аталып өтіледі. Бұл үрдістен Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары да қалыс қалып көрген емес.

915

 

Үлкенге құрмет көрсетілетін мереке қарсаңында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрпейіс Анарбеков ардагерлердің шаңырағына бас сұғып, кішілік ілтипатын танытты. Халық қалаулысы Абай ауданына қарасты Алтынтөбе елді мекенінің қарияларымен жүздесіп, оларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.
– Ата-әжелеріміздің ел үшін еткен еңбектеріне назар аударып, қамқорлық көрсетіп, ыстық ықыласқа бөлеу - біздің міндетіміз. Қашанда қариялардың көкірегі өсиетке толы. Бұл ұрпақ сабақтастығын үзбеуге де септігін тигізеді, - деді Нұрпейіс Жаппарұлы.
Бұл күні мәслихат депутаты бірнеше отбасында болып, қарияларды мерекемен құттықтады.