Депутаттар редакция ұжымымен кездесті Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1246 раз

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Мұрат Жолдыхожаев пен Талғат Балтабаев «Шымкент Келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымымен кездесті. Депутаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Кездесу барысында редакция ұжымының жұмыс барысымен танысып, өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныстар айтты.

916

 

Атап айтқанда, журналистердің мәртебесі, тұрғын үймен қамту мәселесі және олардың мұғалім, дәрігер, полицей қызметкерлері тәрізді тоқсан сайын не жыл сайын біліктілігін арттыру жайы талқыланды.
Т.Балтабаевтың айтуынша, сайлаушылармен нақты ұсыныстар жолдау үшін күнделікті қоғамдық қабылдауда азаматтардың мәселелері талқылаудан өтеді. Солардың арасында журналистердің де мәселесі шет қалмау қажеттігін, мемлекеттік идеологияны өңір бойынша насихаттауға айрықша үлес қосып келе жатқан редакция ұжымының ұсыныстары мен өтініштері жергілікті атқарушы билікке депутаттық сауал жолдау арқылы шешілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, депутаттар редакцияның 5 журналисіне демалыс орнына жолдама сыйлайтынын, тәжірибе алмасу мақсатында шетелге 2 журналисті апаруға мүмкіндік жасайтынын жеткізді. Алдағы уақытта да «арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистер қауымының өзекті мәселесі өз шешімін табады деген сенім мол.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.